Ыбыраева Құралай Дүйсенбекқызы
Ыбыраева Құралай Дүйсенбекқызы
1978 жылы 25 тамыз айында Марқакөл ауданы (қазіргі Күршім ауданы) Боран ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Боран ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 1995 жылы Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев атындағы көпсалалы орта мектебін бітірді.
Шығыс Қазақстан аймақтық университетін “Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі” мамандығы бойынша бітірді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика Ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады.
2005-2008 жылда аралығында директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары;
2008-2015 жж директордың оқу ісі бойынша орынбасары;
2015- 2018 жж Глубокое ауданы, Степное ауылы, “Степное негізгі мектебі -балабақша кешені” КММ директордың оқу ісі бойынша орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2018-2023 жж Глубокое ауданы, Ушаново ауылы , “Ушаново орта мектебі” КММ директордың оқу ісі бойынша орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2021 жылы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен болған «Жас басшы мамандардың кадрлық резерв мектебі» курсын аяқтады
«Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ №14 бұйрығымен 2023 жылдын 11 кыркүйегінен бастап «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ директор болып тағайындалды.